377,95 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің бірқатар аймағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • 614
  • UPD: 18:19, 14.12.2018
Еліміздің бірқатар аймағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды Baq.kz

Жақын күндері еліміздің төрт облысы мен екі қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланды.

«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша Қызылорда, Түркістан, Қостанай облыстарында және Шымкент, Түркістан қалаларында тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді деп күтіледі.

15-17 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман болады деп күтіледі.

Сондай-ақ 15 желтоқсанда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман сақталады. Кей жерлерде оңтүстік-батыстан 15-20, екпіні 23 м/с желдің күшеюі күтіледі.

Шымкент қаласында 15 желтоқсанда таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.

Түркістан қаласында 15 желтоқсанда оңтүстік-батыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.

15 желтоқсанда Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысып, 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Сондай-ақ 15 желтоқсанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ, тұман болуы ықтимал.

Хабар 24 телеарнасы