388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің төрт облысында жолдар жабылды

  • 818
  • UPD: 07:39, 17.01.2019
Еліміздің төрт облысында жолдар жабылды

Қазақстанның төрт облысында қолайсыз ауа райы салдарынан бірқатар көлік жолдары жабылды. «ҚазақАвтоЖол» ЖШС-ның мәліметі бойынша 16 қаңтар сағат 21:00-ден бастап жауын және көктайғаққа байланысты Алматы облысында республикалық маңызды Алматы-Шелек- Қорғас жолдарында барлық көлік түрлерінің қозғалысы тоқтатылды.

Сондай-ақ Үшарал-Достық (83-184 км, с. Көктума - ст. Достық) бағыттарында көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.

Қарағанды облысында 16 қаңтар сағат 19:30-дан бастап көктайғаққа байланысты «Алматы - Екатеринбург» (637-489 км, Балқаш қаласы - Жамбыл облысының шекарасы) жүк және жолаушылар көлігінің жүрісіне шектеу қойылды.

Жамбыл облысында 16 қаңтар сағат 19:35-тен бастап Қарағанды облысындағы көктайғаққа байланысты «Алматы - Екатеринбург» (343-490 км, Бурылбайтал - Қарағанды облысының шекарасы) жүк және жолаушылар көлігінің жүрісіне шектеу қойылды.

Шығыс Қазақстан облысында 16 қаңтар сағат 21:00-ден бастап көктайғаққа байланысты «Өскемен - Шемонаих- РФ шекарасы» (15-102 км, Глубокое - Шемонаиха қаласы) жүк және жолаушылар көлігінің жүрісіне шектеу қойылды.

Хабар 24 телеарнасы