384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада 16 автобустың қозғалысы уақытша өзгереді

  • 210
  • UPD: 13:04, 11.07.2019
Елордада 16 автобустың қозғалысы уақытша өзгереді

Нұр-Сұлтанда Республика даңғылы бойында жол жөндеу жұмыстарына және көлік құралдарының қозғалысын уақытша шектеуге байланысты келесі аптада 16 бағдардың қозғалыс сызбаларын уақытша өзгерту жоспарланып отыр, деп хабарлайды Елорда Инфо Астана LRT компаниясына сілтеме жасап.

Жөндеу жұмыстары Республика даңғылының С.Сейфуллин, Абай көшелерімен қиылысында жүргізіледі.

«Қозғалыс сызбасы өзгертілетін бағдарлар келесі: № 2, 5, 5А, 8, 10, 19, 20, 23, 33, 34, 40, 52, 53, 64, 71, 73. Бағдарлардың аталған жол қиылыстарын айналып өту сызбаларымен алдын ала танысуыңызды сұраймыз», - делінген хабарламада.

Қоғамдық көлікке қатысты басқа да шектеулер болуы мүмкін.

Сызбалар екі бағыт бойынша берілген: Кенесары мен Бөгенбай батыр көшелері жағынан.

Хабар 24 телеарнасы