389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұялы телефон қандай жағдайда атылып кетуі мүмкін

  • 418
  • UPD: 15:05, 02.10.2019
Ұялы телефон қандай жағдайда атылып кетуі мүмкін риа.ру

Ұялы телефонның атылып, адам өміріне қауіп төндіргені туралы, тіпті адам өмірін қиғаны жайлы жиі естіп жатамыз.

Мамандардың айтуынша, ұялы телефонның атылып кетуі 3 жағдайға байланысы болады екен: зауыттан шыққан кезден бастап ақауы болған жағдайда, қатты қызып кетсе және құрылғының ескіруі. Көбінесе телефондардың жарылуы батареясының қызып кетуінен болады.

Ұялы телефонның атылып кету қаупінен қалай сақтану керек?

Компаниялар өздері куәландырған сапалы қуаттау құрылғыларын пайдаланған жөн.

Ұялы телефонның қызып кетпеуін қадағалаңыз. Оны күн сәулесі тікелей түсетін жерге немесе жастықтың астына қалдырмау керек.

Қуаттау кезінде гаджет үшін энергияны көп қажет ететін ойындар мен «ауыр» процестерді қолданбауға тырысыңыз, ондай кезде құрылғы екі есе қызып кетеді.

Сондай-ақ телефонды құлатып алу салдарынан немесе батареясының зақымдануынан да жарылып кетуі мүмкін.

Егер батарея ісініп кеткен болса, оны пайдалануды дереу тоқтатқан жөн.  Себебі онда химиялық реакциялар жүріп жатады. Ол батареяның жарылуына әкелуі мүмкін.

Телефонның атылу қаупін байқаған кезде жасалатын алғашқы шаралар:

Гаджетке қол тигізбей қуаттағышты тоқтан алып тастау керек;

Телефонды суға лақтырыңыз немесе оны жанғыш қабілеті төмен затпен жабыңыз;

Құрылғы жанып жатқан болса, тез арада жарылыс ешқандай зиянын келтірмейтін жерге тастау керек.

Дайындаған: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы