418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Qazvolunteer.kz сайты ашылды

  • 755
  • UPD: 20:38, 01.01.2020

Батыс Қазақстан облысы халқының 20 проценті кейінгі буын өкілдері саналады. Былтыр аймақта жастар саясатын іске асыруға 3 миллиард теңге қаржы бөлінген.

Бұл қаражат алдымен аймақтағы 3 мыңға жуық жұмыссыз жастың екі қолға бір күрек табуына жұмсалыпты. Мәселен, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 645 жас ауылдық жерлерде жұмысқа орналасып, 461 жас маманға баспана алу үшін несие берілген. «Жас кәсіпкер» жобасы аясында 500 кәсіпкер 251 млн теңге көлемінде грант алды. «Jas project» жобасы аясында 697 адам жұмыспен қамтылды. Бұл жұмыстар биылғы Волонтер жылы жүйелі жалғасын таппақ. 

Нұрхат Ораш, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының м. а.:

- Келер жылдан бастап волонтерлер жылы деп жарияланды ғой. Соған орай жұмыс бағыты бәрі талқыланып, qazvolunteer.kz деген сайт іске қосылды. Бұл сайтта біздің 427 волонтеріміз тіркелді, 19 қабылдаушы ұйымымыз тіркеулі. Яғни 19 ұйымның тарапынан осы вакансиялар, қажетті жұмыс орындары салынатын болады.

Хабар 24 телеарнасы