445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Смартфондарды қалай дезинфекциялаған жөн – сарапшы

  • 138
  • UPD: 11:39, 26.03.2020
Смартфондарды қалай дезинфекциялаған жөн – сарапшы

Смартфондар коронавирус инфекциясын тасымалдауы мүмкін.

Сондықтан гаджеттерді жиі залалсыздандырып тұру керек.

Олары этил және изопропил спирті, сутегі асқын тотығы және гипохлорит натрийімен залалсыздандыруға болады, деп жазды Касперский зертханасы.

Сарапшылардың пікірінше, концентрациясы 70-80% болатын изопропил спирті смартфон экранын зақымдамайды. Ал жиі қолданылатын этанол мен сутегі асқын тотығы қаптаманы бүлдіреді.

Дезинфекциялық заттарды гаджеттерге құюға болмайды, құрылғыны мақтаны дымқылдау арқылы сүрткен жөн.

Мамандардың айтуынша, әсіресе, қоғамдық орындарға, қоғамдық көліктерге және тағы басқа көпшілік жерлерге барғаннан кейін, жұмыс күні аяқталғаннан кейін міндетті түрде телефондарды дезинфекциялаған жөн.

Коронавирустың таралуына байланысты көлік жүргізушілері сақтық шарасы ретінде нені ескергені жөн? Толығырақ мына жерден оқуға болады.

Мамандар үйді қауіпті вирустан қалай қорғау керек екенін айтты. Бөлмені дезинфекциялау кезінде үстел, орындық, есік тұтқалары мен тұрмыстық құралдарға ерекше назар аударған жөн.

Бұған дейін кеңсені вирустан қалай тазарту керек екендігі туралы жазған болатынбыз. Мамандардың айтуынша, ауа ылғалдандырғыш пен желдеткіш арқылы вирустардан қорғанудың қажеті жоқ.

«Желдеткіш кеңседегі микроорганизмдер мен вирустарды жоюға әсер етпейді. Керісінше, жағдайды нашарлатуы мүмкін. Ультракүлгін лампалары бар ауа тазартқышты немесе бактерицидті лампалары бар ауа рециркуляторын қолдануды ұсынамын», - деді сарапшы. 

Қолма-қол ақша төлемдері де коронавирус жұқтыруға себеп болуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметтері бойынша, коронавирус қағазда үш-төрт күн, пластик заттарда тоғыз күнге дейін өмір сүреді.

Хабар 24 телеарнасы