399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ғалымдар коронавирустың жануарларға төндіретін қаупі туралы айтты

  • 320
  • UPD: 10:39, 30.03.2020
Ғалымдар коронавирустың жануарларға төндіретін қаупі туралы айтты

Коронавирус адамнан үй жануарларына жұғуы мүмкін, деп тұжырымдады Ресей ғалымдары.

Мамандарда әзірге коронавирустың жануарлардан қалай анықталатыны туралы нақты дәлел жоқ. Алайда коронавирус қоздырғышының үй жануарларына адамдардан жұғуы мүмкін, дейді МФТИ геномдық инженерия зертханасының жетекшісі Павел Волчков.

Бұған дейін дәрігерлер үй жануарынан коронавирустың алғашқы жағдайын анықтаған еді. South China Morning Post газеті Гонконгта коронавирус жұқтырған жалғыз иттің қайтыс болғанын хабарлады.

«Егер адамдармен қатар жануарлар да коронавирус жұқтыратын болса, ықтимал рекомбинацияның қаупі артады», - деп ескертті Павел Волчков.

Еске салсақ, бұған дейін Бельгияда мысыққа иесінен коронавирус жұққанын жазған едік.

Ал мексикалық коронавирус инфекциясы өршіп тұрған кезде далаға шықпай карантин режимін сақтау үшін дүкенге итін жұмсайды.

Хабар 24 телеарнасы