427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ғалымдар 2050 жылға қарай қай жерде өмір сүру қауіпті болатынын айтты

  • 452
  • UPD: 14:56, 06.05.2020
Ғалымдар 2050 жылға қарай қай жерде өмір сүру қауіпті болатынын айтты

Халықаралық ғалымдар тобы 2050 жылға қарай жер бетіндегі ауа температурасының айтарлықтай жоғарылайтынын болжады.

Ғалымдардың айтуынша, ол кезде әсіресе ыстық елдерде өмір сүру қауіпті болады.

Зерттеушілер бүкіл жер тұрғынының үштен бірі ыстықтан зардап шегуі мүмкін екенін айтты. Ауа температурасының көтерілуінің басты себебі – атмосфераға көмірқышқыл газының бөлінуі. Айтуларынша, алдағы 50 жылдағы климаттың өзгеруі соңғы 6000 жылмен салыстырғанда едәуір ауыр болады.

Қазір орташа жылдық температура 11-15 градус аралығында ауытқып тұрады. Егер климатологтардың болжамы дәл келсе, 2050 жылға қарай орташа жылдық температура 29 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.

Экологтар қазіргі уақытта әлемде болып жатқан климаттың өзгеруіне қатты алаңдаушылық білдіруде.

Хабар 24 телеарнасы