420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тұман, көктайғақ, жел: бірқатар өңірде ескерту жарияланды

  • 108
  • UPD: 17:18, 16.11.2020
Тұман, көктайғақ, жел: бірқатар өңірде ескерту жарияланды Zakon.kz

Қазгидромет еліміздің бірқатар өңірінде дауыл тұрып, көктайғақ болатынын ескертті.

Түркістан облысы

17 қарашада Түркістан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.

Маңғыстау облысы

17 қарашада Маңғыстау облысында шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Ақтау қ.: 17 қарашада шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жамбыл облысы

17-19 қарашада Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, 17 қарашада күндіз, тәулік бойы 18-19 қарашада екпіні 25 м/с күтіледі.

Тараз қ.: 17-19 қарашада кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.

Алматы облысы

17 қарашада Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с.

Талдықорған қ.: түнде көктайғақ күтіледі.

Ақмола облысы

17 қарашада Ақмола облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі.

Қостанай облысы

17 қарашада Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы