424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Kaspi.kz – Лондон биржасындағы ең қымбат компания

  • 215
  • UPD: 12:40, 29.10.2020

Елімізге қымбатшылық келе жатыр ма?

Субсидиялардың жойылуына байланысты Қазақстандағы жұмыртқа өндірісі 8%-ке төмендеген. Құс тұмауы да жағдайды асқындырып жіберді. Салдарынан ішкі нарықта өнімнің тапшылығы туындады. «Осының бәрі бағаның 30%-ке өсуіне алып келеді», - дейді мамандар.

Тағы қандай өнімдер үшін артық ақша жұмсаймыз? Жағдайдың бұлай құбылуына не себеп?

Мерей Мұратханқызы, тілші:

- Kaspi.kz – Лондон биржасындағы ең қымбат компания. Оның құны 6,5 млрд доллар деп бағаланған еді, қазір 8 млрд долларға жеткен. Демек, кешегі техникалық ақаулыққа қарамастан, инвесторлардың қызығушылығы болу керек, құнды қағаздар 44 доллардан асты. Бұл негізінен жеке инвесторлар екен. Дегенмен, шетелдіктер қазақстандық банктің клиенті еместігі хақ. Өйткені шетелдік қаржы ұйымдарында дәл осындай жағдай орын алса, оның акциясы бірден құлдырап кетер еді. Сарапшылар осылай дейді. Kaspi.kz акцияларын сатып алған ірі инвесторлар қаржылық ұйымның келешегіне сенген. Сондықтан құнды қағаздарды сатуға асықпады. «Өйткені техникалық ақау барлығында болады», дейді сарапшы Андрей Чеботарёв.

***

Елімізде азық-түлік қымбаттауы мүмкін

Қазақстанда баға нарығы оңып тұрған жоқ. Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар тауарлар шамамен 6%-ке қымбаттаған. Елдегі Астық өңдеушілер одағының президенті ұнның бағасы артатынын айтты. Евгений Ган елімізде үшінші жыл қатарынан бидайдың құны өсіп келетінін айтады. Бұған дейін шикізат қоры бағаны ұстап тұруға сеп болған, биыл ол да таусылды. «Демек, нан, макарон және түрлі ұн өнімдерінің де қымбаттауын күте беруге болады», - дейді сарапшы. Бүгінде Жамбыл облысында қарапайым нанның 15 теңгеге дейін қымбаттағаны белгілі. Елордадағы өндірістік цех басшысы Мұрат Түбекбайұлы нанның бағасын ұстап тұруға тырысып жатқанын айтады. Карантин кезінде үйде отырған көпшілік ас атасын өздері пісірген. «Нәтижесінде сұраныс азайыпты, қазір жағдай қалыпқа келе жатыр», - дейді маман. Бірақ мемлекеттен көмек сұрамаған.

***

«Нарықтағы баға» айдары

Нанның да түр-түрі бар. Ал бағасы сан қилы. Елдегі күлше нан қанша тұрады? «Нарықтағы баға» айдарынан білейік.

Шымкентте күлше нан 70 теңгеден сатылады, Алматыда 10 теңгеге қымбат, Ақтау мен Өскеменнен бәтерді 90 теңгеге аласыз, Атыраудағы 110 теңге, Түркістанда 120 теңге, Көкшетау мен Нұр-Сұлтанда күлше нан 150 теңгеге сатылып жатыр.

***

АҚШ-та 54 млн адам аш қалды

Америкалық фермерлердің жайын мүшкіл. Үкімет бөлген қыруар қаржылық көмекке қарамастан, аш-жалаңаш қалғандар аз емес. Мамандардың есебінше, елдегі 54 млн адам азық-түліксіз отыр. Салаға бөлінген 18 млрд доллардың дені ірі фермаларға аударылыпты. Ұсақ-түйегі тасада қалған. Елдегі азық-түлікпен көмек беретін ұйым бұрынғыдай 125 емес, жылына 3 мың отбасыға жәрдем бере бастаған. Әсіресе, Вермонт, Батыс Вирджиния және Солтүстік Дакотадағы ахуал оңалмай тұр. «Адамдардың азық-түліксіз қалуына бағаның шарықтауы себеп», - дейді мамандар.

***

Карантин салдарынан елімізде 1,6 млн адам ақысыз демалысқа жіберілген

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының хабарлауынша, елімізде карантин мен төтенше жағдай енгізілгелі 1,6 млн адам ақысыз демалысқа жіберілген. 450 мыңға жуық бизнес субъектісі кәсібін тоқтатты. Алғашқы жартыжылдықта елдегі көрсетілетін қызмет 6,2%-ке төмендеді. Әсіресе, жылжымайтын мүлік бойынша операциялар, әкімшілік қызмет көрсету, сауда, көлік бағыты зардап шеккен. Табысынан екі есе қағылған қонақ үй, мейрамханалардың санитарлық талаптарды сақтау үшін әбден шығынданған көрінеді. Қызметкерлерінің тең жартысын жұмыстан шығарғандар қаншама. Еске салайық, пандемия салдарынан елдегі 6 кинотеатр жұмысын тоқтатты.

Енді валюта бағамына тоқталайық. Доллар 430,51 теңге, еуро 505,72 теңге, Ресей рублі 5,51 теңге.

Хабар 24 телеарнасы