383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекеттік жеке әріптестікті дамыту шеңберінде 21 келісімге қол қойылған

  • 286
  • UPD: 15:46, 29.10.2018

Мемлекеттік жеке әріптестікті дамыту шеңберінде 2016-2017 жылдары аралығында жалпы құны 59,4 млрд теңгені құрайтын 21 келісімге қол қойылған.

Ал былтыр мен биыл барлығы бағасы 1 трлн теңгеге тең 422 шарт жасалыпты. Осы көрсеткіш алдыңғы жылдармен салыстырғанда, 21 есе көп екенін көрсетсе керек. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің Үкімет сағатында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов хабарлады. Министрдің айтуынша, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары қабылданғалы аталған бағдарламаға тың серпін берілді. Осылайша, 443 құжат білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және энергетика салаларын қамтиды.

Хабар 24 телеарнасы