389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық экономика министрі коммуналдық тарифтердің төмендейтінін мәлімдеді

  • 764
  • UPD: 17:37, 29.12.2018

Биылғы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігінің индексі 98,2 процент болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі мәлім етті. Жеңіс Қасымбектің айтуынша, өңдеу өнеркәсібіндегі кері динамика саланың 40 процентін қамтитын металлургиядағы еңбек өнімділігінің төмендеуімен байланысты. Осыған орай министр Үкімет басшысына өсімді қамтамасыз ету үшін өңірлерге тапсырма беруді сұрады.

Жеңіс Қасымбек, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

– Көрсеткіштің төмендеуі жыл басынан бері негізгі металл түрлері бағаларының орташа 9-20 пайызға құлдырауынан болып отыр. Атап айтқанда, мырыш 20 пайызға, алюминий 8 пайызға, мыс 13 пайызға, қорғасын 23 пайызға, күміс 9 пайызға төмендеді. Өткен жылы фармацевтика саласындағы өнімділік 138,3 пайызды құраған болатын. Биыл өткен жылғы базаның жоғары болуына байланысты көрсеткіш 17,4 пайызға қысқарды.

Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі қаңтардан бастап коммуналдық тарифтердің төмендейтінін мәлімдеді. Яғни жарық, жылу, газ, су, көмір арзандайды. Қолға алған бастамалар оңтайлы орындалса, ел бойынша 28 млрд теңге үнемделуі тиіс.

Тимур Сүлейменов,  ҚР Ұлттық экономика министрі:

– ПИК қызметтеріне 2,2 пайыздан 20 пайызға дейін, қоқыс шығару қызметтеріне 1-24,7 пайызға дейін, лифт қызметтеріне 3-50 пайызға дейін төмендеді. Сонымен қатар министрлік «ҚазТрансГаз» АҚ-пен бірлесіп, қосымша талдау негізінде Атырау және Қызылорда халқы үшін газға бөлшек сауда бағаларын төмендету бойынша уағдаластыққа қол жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы