384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыс кәсіпкерлеріне төмен процентпен несие беріледі

  • 198
  • UPD: 23:16, 01.07.2019

Арыстық кәсіпкерлерге 1 процентпен 4 жылға 5 миллион теңгеге дейін несие беріледі.

Бұл ретте кредитті қайтарудың алғашқы төлемі 6 айға шегеріледі. Сонымен қатар арыстық 3600 орта және шағын бизнес құрылымын 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін салықтан босату туралы шешім қабылданды. Одан бөлек Арыста 2 мыңнан астам жұмыс орны құрылатын 14 инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Аймақ басшылығымен кездескен жергілікті кәсіпкерлер тарапынан несие алуға 250-дей өтініш келіп түсті. Бизнес жобалар тез қаралып, бүгіннің өзінде 2 қала тұрғынына 5 млн теңгеден несие берілді. Жарылыс салдарынан Арыстағы 260 кәсіпкерлік нысанға зақым келген. Бесеуі мүлдем жарамсыз күйде. Арыстық кәсіпкерлердің бұзылған ғимараттары жер қойнауын пайдаланушы ірі компаниялар есебінен түгелдей қалпына келтіріледі.

Мейіржан Мырзалиев, облыс әкімінің орынбасары:

- 2 кепілгер керек. Ол кепілгер міндетті түрде Арыс қаласында тұруы міндетті емес. Қазақстанның кез келген жерінде жұмыс істейтін, тұрақты жұмыс орны бар айлық алатын 2 кепілгер болса 5 миллион теңгеге дейін шектеусіз кез келген бизнес түріне қолдау көрсететін боламыз.

Хабар 24 телеарнасы