387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Отандық машина құрастыру саласындағы өндіріс көлемі артты

  • 139
  • UPD: 23:40, 12.09.2019
Отандық машина құрастыру саласындағы өндіріс көлемі артты

Отандық машина жасау саласындағы өндіріс көлемі жыл басынан 18 процентке өскен.

Бұл туралы Үкімет Үйінде өткен баспасөз мәслихатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары Аманияз Ержанов хабарлады. Оның айтуынша, оң динамика көлік құрастыру саласында байқалады. Бүгінде елде көліктің 170 үлгісі шығарылады, оның 22-сі әлемдік бренд санатындағы маркалар. Шанақты дәнекерлеу және сырлау бойынша технологиялық операциялар енгізіліп келеді. Экспорт қарқыны да үдемелі. Қазақстан машина жасаушыларының 7-форумы жергілікті кәсіпорындар үшін шетелдік әріптестерімен бірлесе тиімді келісім-шарт жасасуға үлкен мүмкіндік береді, дейді заңды тұлғалар бірлестігі басқармасының төрағасы Мейрам Пішембаев.

Мейрам Пішембаев, «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ төрағасы:

- 5 жыл ішінде біз машина жасау саласын тағы да екі есе кем дегенде өнімді көбейту керекпіз. 2 трлн теңгеден асыру керекпіз. Және де біздің экспорттық потенциалымыз 30 процентке ұлғаю керек. Машина жасаушылар саласына жаңа технологиялар, инновациялар тартып, экспортты көбейту маңызды мәселелердің бірі деп есептейміз.

Хабар 24 телеарнасы