388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылқоға ауданы ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуден табыс тауып отыр

  • 234
  • UPD: 07:37, 29.09.2019
Қызылқоға ауданы ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуден табыс тауып отыр

Атырау облысы Қызылқоға ауданы бірыңғай мал шаруашылығымен айналысады. Енді жергілікті кәсіп иелері негізгі табыс көзін мал өнімдерін өңдеуден таба бастады.

Оған мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдаулар игі  ықпал етуде. Соңғы үш жылда Қызылқоға ауданындағы шағын және орта бизнес өкілдері 1 млрд теңге несие алды. Ал биыл жеңілдетілген 7 проценттік өсіммен 600 млн теңгеге тапсырыс түсіпті. Енді кәсіп иелері ет және сүт өңдейтін шағын цехтар сала бастады.  Бүгінде малды өңірде 1600-ге жуық шағын және орта бизнес нысаны жұмыс істейді.

Зинеш Сарыбөпиева, аудандық кәсіпкерлер және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы:

- Болашақта біздер өнімді өндіріп ғана қоймай, өңдегіміз келіп тұр. Яғни ет өнімдерін 2017 жылы мал сою цехы ашылды бізде. Қазір осында өңдеу бағытында жұмыстар жүріп жатыр. Ресей елінен сүт бағытындағы сиырлар әкелінді. Сонымен қазір 80-100-ге тарта сиыр бар. Қазір сүт цехына құрал-жабдықтар алып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы