384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыдағы ферроқорытпа зауыты 5 мың тонна өнімді экспортқа шығарды

  • 246
  • UPD: 10:41, 23.10.2019

 

Қарағанды қаласындағы «YDD Corporation» ЖШС ферроқорытпа зауыты 5 мың тонна өнімді экспортқа шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Әлемдік нарықта үлкен сұранысқа ие болған ферросилиций темір мен кремнийдің қорытпа металдың сапасы мен төзімдігін арттырады. Қазір ферросилиций Ресей, Жапония, Еуропа, АҚШ, Түркия мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне жөнелтіледі. Ал отандық кәсіпорындарды зауыт құрылыс индустриясында кең қолданылатын микрокремнезем өнімімен қамтамасыз етіп отыр.

Ұшақ, кеме тіпті хирургиялық құралдарды дайындауда жоғары маркалы ферросилиций өнімі қажет. Қажетті шикізатты отандық кәсіпорындар жеткізеді. Бұл зауыттармен ұзақмерзімді келісімшарттар жасалынған. Өнімде қолданылған шикізаттың  94 проценті қазақстандық болып табылады. Бірегей зауыттың құрылысына Қазақстанның Даму банкі несие ретінде берген.

Абай Сарқұлов, «Қазақстанның Даму банкі» АҚ басқарма төрағасы:

– 66 пайызы біздің тарапымыздан несие берілді. Ол – 24 млрд 120 млн теңге. Бұл несие 11 жылға берілді. Пайыздық ставкасын айтатын болсақ, 8,9 ставкамен берілген.

Бұл – әлемдегі экологиялық таза кәсіпорындардың бірі. Құрылыс барысында заманауи технологиялар қолданылған. Зауыт толық автоматтандырылған, жұмыс барысы арнайы компьютерлік бағдарламалар арқылы басқарылады. Газдан тазалау жүйесі өндірістік қалдықтан микрокремнезем өнімін алуға мүмкіндік береді. Бұл өнім – жоғары маркалы цемент пен бетон шығару өндірісінде таптырмайтын шикізат.

Ерлан Нығматулин, «YDD Gorporation» ЖШС құрылтайшысы:

–  99,8% проценті экологиялық таза. Бастапқыда жылына 180 мың тоннаны құрайтын қуаттылықтан бастадық. Мұндай өндіріс көлемімен зауыт ферросилиций өндіруден әлем бойынша 6-орында. Төртінші пешті іске қосқанда, 5-орынға шығады деген жоспарымыз бар.

Әлемнің озық технологиясымен жұмыс істейтін кәсіпорында қазір 350 адам еңбек етіп жатыр. Екінші кезеңі іске асқанда, зауыт жылына 240 мың тонна өнім беруге қауқарлы болады.

Авторлары: Айнұр Абдиева, Сайлау Игликов

Хабар 24 телеарнасы