421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі 1338 ауылға дербес бюджет енгізіледі

  • 748
  • UPD: 15:35, 18.11.2019

 

Келер жылдан бастап еліміздегі халық саны 2 мыңнан аспайтын 1 мың 338 ауылдық округке дербес бюджет енгізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда елді мекендерде маман тапшы. Жоғары жылдамдықты интернет жоқ және мемлекеттік ақпараттық жүйелер дұрыс жұмыс істемейді. Бүгін Мәжілістегі үкімет сағаты осы тақырыпқа арналды. Еске салайық, былтыр елдегі 1 мың 55 ауылға өзін-өзі басқару құқығы берілді. Кірістері мен шығыстарын реттеуге мүмкіндік алды. Дегенмен басым бөлігі аудандық қазынадан бөлінетін трансферттерге тәуелді. Жергілікті өнім өндірісі жеткілікті дәрежеде дамымаған. Енді үкімет қалған 1 мың 338 ауылды да өзін өзі басқару жүйесіне қосуды көздеп отыр. Ал жауапты министрлік ауылдық округтермен бірлесіп, күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді реттеуі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы