423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресей интернетте баж салығынсыз сатылатын тауар құнын азайтуды ұсынды

  • 501
  • UPD: 14:19, 28.12.2019

Еуразиялық экономикалық одақтың кеден кодексіне өзгерістер енгізілуі мүмкін. Ресей үкіметі интернетте баж салығынсыз сатып алынатын тауар құнын азайтуды ұсынып отыр.

Сарапшылардың айтуынша, бұл Одаққа мүше елдер арасындағы интернет саудаға кері әсер тигізуі ықтимал.

Ресей үкіметі осы мәселені Одаққа мүше елдер басшыларының қарауына тапсыруды көздеп отыр. Ұсынысы қабылданса келесі жылдың шілде айынан бастап интернетте сатып алынған тауар құны 100 еуродан асса, иесі мемлекетке баж салығын төлеуге тиісті болады. 

Александр Шпаковский, саясаттанушы:

- Экономикалық жағынан тиімді болса, осындай келісімдер жасалуы мүмкін. Бірақ кеден саласындағы кейбір шешімдер, мәселен баж салығын енгізу немесе алып тастаудың әлеуметтік жағдайға әсер ететінін мойындау қажет. Сондықтан бұл сауал дау туғызып отыр. Барлық жаққа тиімді болса ғана, осындай келісімдер жасалуы тиіс. 

Қашықтықтан сауда жасау қауымдастағының өкілдері жаңа бастаманы сынға алды. Олардың пікірінше, баж салығынсыз интернетте сатып алынатын тауар құнын азайту тұтынушылар мен сауда компанияларына елеулі зиян келтіруі мүмкін. 

Олег Гайдукевич, саясаттанушы:

- Осы мәселе бойынша заңнама саласында үлкен еңбек атқардық. Ең бастысы, Еуразиялық экономикалық одақ аясында жұмыс істейтін кәсіпкерлер артық төлем жасамауы тиіс. Заңдарды оңтайландыру бизнесті дамытуға бағытталған, мұны Беларусь, Қазақстан мен Ресей кәсіпкерлері қолдайды. 

Соңғы рет интернетте баж салығынсыз сатып алынатын тауар құны 2019 жылдың 1 қаңтарында азайтылған болатын. Сол кезде 1000 еуродан 500 еуроға дейін төмендетілді. Жаңа ереженің қашан күшіне енетіні белгісіз. Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевтің айтуынша, құжат көптеген мекемелердің келісімінен өтуі тиіс. Ал ақтық шешімді Еуразиялық экономикалық одақ Жоғары Кеңесінің отырысында мемлекет басшылары қабылдайды. 

Авторлары: Алексей Родионов, Константин Никаноров

Хабар 24 телеарнасы