425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасына жаңа бағыт қосылды

  • 461
  • UPD: 21:01, 16.07.2020
«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасына жаңа бағыт қосылды

«Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасына жаңа бағыт қосылды. Енді шағын кәсіпкерлік субъектілері проценттік мөлшерлемені төмендетіп, несиеге кепілдік ала алады.

Жаңа бағыт банктер және микронесиелік мекемелермен бірлесіп іске асырылады.  Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде экономика министрлігінің кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Шыңғыс Ахметов мәлімдеді.

Айтуынша, «Бизнестің жол картасы» аясында шағын және орта кәіпкерлікті қолдауға бағытталған шаралар жақсы нәтиже көрсетіп келеді. Бағдарлама бойынша бизнесті қаржыландыру тетіктері жеңілдетілген. Мысалы, ондағы салалық шектеулер алынып тасталды. Бұл кез келген шағын және орта бизнес өкілдері қаржылай көмек ала алады дегенді білдіреді. 

Шыңғыс Ахметов, ҚР ҰЭМ кәсіпкерлікті дамыту департаментiнiң директоры:

- Бизнестің жол картасы 2020-2025» бағдарламасы аясында қаржыландыру көлемін 7 миллиард теңгеге дейін көтердік. Бұрын ол 2,5 миллиард теңге болды. Несиені кепілдендіру шарттарын кеңейттік. Мөлшерлемесі қазір 6 процент. Бұл бизнеске қаржылай қолдау алуға жақсы мүмкіндік береді.

Хабар 24 телеарнасы