428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сауда саласының едәуір бөлігі көлеңкелі бизнеске тиесілі

  • 132
  • UPD: 16:12, 25.09.2020
Сауда саласының едәуір бөлігі көлеңкелі бизнеске тиесілі Inbusiness.kz

Сауда саласында 10-15 жылдан бері еш жерде тіркелмеген кәсіпкерлер бар. Әсіресе базардағылардың біразы көлеңкелі бизнеспен айналысып отыр.

Жүргізілген сараптама нәтижесі орта есеппен 20-30 проценті көлеңкелі нарықтың үлесінде екенін анықтаған. Бұл туралы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов айтты.

Салық төлемейтін, сертификаты жоқ алыпсатарлардың тауары арзан болғандықтан халықтың сұранысына ие.

Төрағаның айтуынша, заңсыз сауданы жоюдың бір жолы қолма-қол қаражатпен төлеуді тоқтату керек. Төлем тек банк арқылы жүргізіліп, тұтынушы мен кәсіпкер арасында электронды төлем жасалуы тиіс. Яғни цифрландыру жүйесі көлеңкелі экономикаға тосқауыл бола алады. Бұл орайда Ұлттық банк бірқатар іс-шара қабылдаған.

Хабар 24 телеарнасы