427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда жеке кәсіпкерлер саны азайды

  • 74
  • UPD: 12:11, 09.10.2020
Қазақстанда жеке кәсіпкерлер саны азайды

Елімізде тіркелген жеке кәсіпкерлер саны 1,2 млн-нан сәл асты, ал бір жыл ішінде олардың саны 2,9% азайды.

Оның ішінде 1 миллионнан астам жеке кәсіпкер ғана жұмыстарын жүргізіп отыр, олардың саны бір жыл ішінде 1,2% азайды, деп хабарлады finprom.kz.

Олардың саны Қазақстан Республикасының 9 өңірінде азайды. Әсіресе, Шығыс Қазақстан (-9,2%) және Қостанай (-8,6%) облыстарында ЖК айтарлықтай тұралап қалды.

Жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлер саны бойынша Түркістан облысы (133,2 мың), одан кейін Алматы (120,3 мың) және Алматы облысы (109,7 мың) көш бастап тұр. Басқа өңірлерде олардың саны 23,9 мың мен 89,1 мың аралығында.

Әсіресе, сауда және автомобиль жөндеу саласындағы ЖК саны күрт азайған. Транспорт және қойма саласында жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлер саны (−7,5 мың немесе 10,4%) және жылжымайтын мүлікке байланысты операциялар (−6,9 мың немесе 9,4%).

Сонымен бірге, сектордағы айтарлықтай өсім ауыл, орман және балық шаруашылығында (+11,6 мың немесе 5%) және кәсіптік, ғылыми-техникалық қызметте (+4,9 мың немесе 26,7%) байқалды.

Хабар 24 телеарнасы