387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Австралия полициясы ірі көлемде кокаин тәркіледі

  • 737
  • UPD: 12:20, 06.02.2017

Австралияда полиция ірі көлемде кокаин тәркіледі.

Бұл туралы Әділет министрі Майкл Кинан мәлімдеді. Оның айтуынша, өткен аптаның соңында тәртіп сақшылары мен шекара қызметкерлері бірлесіп Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының жағалауымен жүрген желкенді қайықтардың бірін тексерген. Нәтижесінде 1,4 тонна есірткіні тапқан. Қайықтағы кокаин құны 230 миллион АҚШ долларын құрап отыр. Операция барысында 6 адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталған. Есірткі тасымалдаушылар темір тордың артында соттың үкімін күтіп отыр.

Майкл Кинан, Австралия Әділет министрі:

- Қазір Австралия нарығы есірткі тасымалдаушылар үшін тиімді болып отыр. Өйткені оның көлемі аз, тапшы. Сондықтан құны да қымбат. Мысалы, АҚШ-та бір келі кокаин 26 мың Австралия доллары тұрса, біздің елде оның бағасы 240 мың доллар. Қылмыстық топтарды да қызықтыратыны осы.

Хабар 24 телеарнасы