376,73 428.00 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та жүк пойызы мен автобус соқтығысып, 4 адам көз жұмды

  • 452
  • UPD: 14:05, 08.03.2017

АҚШ-тың Миссисипи штатында ірі жол-көлік апаты болып, 4 адам қаза тапты.

Тағы ондаған кісі жарақат алған. Оқиға Билокси қаласында болды. Жүріп келе жатқан жүк пойызы жолда тұрып қалған автобусты барып қағып, оны 100 метрдей жерге дейін сүйретіп апарған. Полицияның мәлімдеуінше, отарба жылдамдығы аса қатты болмаған. «Әйтпесе көп адам опат болар еді», - дейді. Ал Техастан шыққан автобустың теміржолда қалай тұрып қалғаны әлі белгісіз. Онда 50-дей жолаушы болған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы