387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауғанстан әскері бір тәулік ішінде 71 лаңкестің көзін жойды

  • 597
  • UPD: 16:32, 22.05.2017

Ауғанстан әскері содырларға қарсы арнайы операция жүргізіп, бір тәулік ішінде 71 лаңкесті мерт қылды.

Тағы 40-тан астамын жаралаған. Жеті бүлікші үкімет әскерінің қолына түсті. Бұл туралы жергілікті Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап, «Синьхуа» агенттігі хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, Ұлттық қауіпсіздік жасағы лаңкестерден төнетін қатердің алдын алу үшін 12 әскери операция жүргізген. Оның барысында үкімет жасағы мен бейбіт тұрғындардың қаза тапқаны немесе зардап шеккені туралы әзірге дерек жоқ.

Хабар 24 телеарнасы