388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістандық студент әлемдегі ең ұзын тісін жұлғызып тастады

  • 930
  • UPD: 17:00, 16.07.2017
Үндістандық студент әлемдегі ең ұзын тісін жұлғызып тастады Фото: twitter.com

Үндістанда дәрігерлер Урвил Пател есімді студенттің өте ұзын тісін жұлып тастады.

Ұзындығы 3,67 сантиметр болатын тіс туралы жазба Гиннестің рекордтар кітабында тіркелген. Бұл көрсеткіш бұған дейінгі рекордтық тіс иесінен 55 мм-ге ұзын.

18 жастағы жігіттің иттісі аузынан шығып тұрғандықтан, ол көп уақыт бойы емін-еркін күле алмай, жұрттан ұялып жүрген екен.

The Daily Mail порталының мәліметінше, тіс жұлу операциясы Вадодор қаласында өткен. Бұл медициналық процесс небәрі жарты сағатқа ғана созылған.

Хабар 24 телеарнасы