386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропа тұрғындары шетелдік туристерге қарсы болып отыр

  • 605
  • UPD: 19:11, 09.08.2017

Еуропаның танымал шипажайлы қалаларының тұрғындары шетелдік туристерге қарсы. Соңғы уақытта Италиядағы Флоренция және Венеция қалаларына келген саяхатшылар саны біршама артқан. Алайда венециялықтарды бұл жайт қуантып отырған жоқ.

Айтуларынша, шетелдіктер кесірінен баспана бағасы шарықтаған. Ол аздай тұрмысқа қажетті тауарлар сататын дүкендердің орнына кәдесыйлар сататын дүңгіршектер қаптап кетіпті. Сондай-ақ жергілікті тұрғындардың айтуынша, круиздік лайнерлер де біраз қиындық туындатып отыр. Су көлігінің кесірінен пайда болған биік толқындар шаһардың көне құрылыстарын бүлдіреді екен. Осылай деген жұрт талай мәрте ереуіл де ұйымдастырған.

Ал Испанияда шетелдік туристерге жергілікті радикалдық топтар қарсы. Соңғы уақытта қаскөйлердің Барселона қаласы мен Мальорка аралына демалып келгендерді аңдып, оларды қорқыту деректері жиілеп кеткен екен.

Хабар 24 телеарнасы