389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мамандар ғаламтор қолданушыларының негізгі қателіктерін атады

  • 599
  • UPD: 07:06, 13.08.2017
Мамандар ғаламтор қолданушыларының негізгі қателіктерін атады iPhones.ru

ESET мамандары ғаламтор қолданушыларының қандай қауіп-қатерлерге бей-жай қарайтынын айтты.

Зерттеудің қорытындылары компанияның ресми парақшасында жарияланды.

Арнайы мамандар компьютерлік қауіпсіздіктің қайсысы жиі бұзылатындығын анықта үшін үй қолданушыларының арасында сауалнама жүргізді. Ең көп таралған қателік – ақпараттардың сақтық (резервтік) көшірмесінің болмауы. Мұны сауалнамаға қатысқандардың 59%-ы дәлелдеді.

Екінші орында – операциялық жүйенің автоматты түрде жаңартылуын өшіру. Бұл ережені қолданушылардың 34%-ы сақтамайды. Сондай-ақ сауалнамаға қатысушылардың басым бөлігі бір кілтсөзді тіркелген парақшаларының барлығына қолдана беретіндігі анықталды. Ол зерттеуге қатысушылардың 29%-ын құрады.

- Осындай қателіктерді жіберу арқылы қолданушылар электронды поштасы бұзылғаннан кейін ойын сервистеріне, әлеуметтік желілерге, ғаламтор-дүкендеріне және тағы басқаларына кіруге қол жеткізе алмайды, – дейді мамандар.

Қолданушылардың 11%-ы келген хабарламаларды ашып, толық оқымастан келесі сілтемеге өте береді. Ал 9%-ы әлеуметтік желілерде таныс емес адамдарды достар қатарына қосады екен.

- Ғаламтор қолданушыларының көбісіне ақпараттың қауіпсіздігі туралы ереже оны бұзу үшін жасалғандай. Қауіп-қатердің алдын алу негізін сақтамағандары өкінішті. Себебі ақпарат жоғалту, банктегі шотының ұрлануы, тіркеу парақшасының бұзылуы секілді оқиғалардың қатары шексіз. Бір ғана айтарымыз, сақтық ережелерін назарда ұстаңыздар!, – деп кеңес берді ESET Russia техникалық маркетинг бөлімінің басшысы Алексей Оськин.

Аударған: П.Саденова

Хабар 24 телеарнасы