387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Вьетнамда «Доксури» дауылы салдарынан 6 адам қаза болды

  • 380
  • UPD: 13:48, 17.09.2017

Вьетнамда «Доксури» дауылы ойран салып, ізінше тоқтаусыз жауын жауды. Апат салдарынан 6 адам ажал құшқан.

Жергілікті билік жағалауға жақын тұратын ауданның 80 мың тұрғынын қауіпсіз жерге көшірді. Сағатына 135 шақырымға дейін ұйытқыған жел жүздеген үйдің шатырын ұшырып, ағаштарды тамырымен қоса жұлып әкеткен. Кейбір өңірді топан су басты. «Доксури» дауылы бұған дейін Филиппинде 4 адамның өмірін қиған болатын.

Хабар 24 телеарнасы