384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Париждегі почта қызметкерлері жұмыс орнындағы ғимарат шатырын фермаға айналдырды

  • 514
  • UPD: 14:34, 02.10.2017

Париж орталығындағы почта бөлімшелерінің бірінің шатыры нағыз фермаға айналды. Мекеменің 30 қызметкері мұнда қызанақ, бұрыш пен түрлі жемістер өсіреді. Жалпы шатырдағы шаруашылық 900 шаршы метр аумақты алып жатыр.

Сондықтан почта қызметкерлері бұл орынды тауық өсіру үшін де пайдаланып келеді. Жоба авторларының айтуынша, ферма пошта жұмысшыларына компьютерлерден бір сәт болса да тынығып, табиғатпен сырласу үшін жақсы мүмкіндік береді. Негізі қазір Франция астанасында қаланы дамыту бойынша 33 экологиялық жоба қолға алынған екен. «Шатырдағы ферма» солардың бірі. Бұл жобалардың бәріне Париж билігі қолдау көрсетіп отыр.

Коринн Льянарт, пошта бөлімшесінің қызметкері:

- Біздің алтын уақытымыздың көп бөлігі виртуалды өмірде өтеді. Ал фермада көкөніс пен жеміс-жидек өсіріп, оларды күтумен айналысқанда адам мен табиғат арасындағы байланыс нығая түскендей болады.

Софи Жанковски, Seed Postman қауымдастығының президенті: 

- Бұл ферма мен үшін еркіндік алаңы секілді. Жұмыс туралы әңгіме қозғамаймыз. Біз мұнда әріптестер ретінде емес, дос-жаран ретінде араласып сырласамыз.

Хабар 24 телеарнасы