385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грекияда су тасқыны құрбандарының саны артты

  • 846
  • UPD: 11:27, 20.11.2017

Соңғы мәлімет бойынша, табиғи апаттан 20 адам опат болған.

Ұшты-күйлі жоғалып кеткен 2 тұрғын әлі күнге дейін табылған жоқ. Айта кеткен жөн, Эллада елінің шығысында өткен аптадан бері нөсер толас таппай тұр.

Салдарынан біраз ауданды су басқан. Билік елдің орталық және солтүстік өңірінде төтенше жағдай тәртібін жариялады. Мамандардың айтуынша, Грекияда мұндай нөсер өте сирек жауады екен.

Сондықтан жергілікті инфрақұрылым бұған дайын емес көрінеді. Ал синоптиктердің болжамы, көңіл көншітпейді. Олар: «Жауынның беті әлі қайта қоймайды», – деп отыр.  

Танасис Кондоминис, жергілікті тұрғын:

– Өңірде күрделі жағдай туындады. Өйткені қазір таза ауызсу тапшы. Алдағы уақытта түрлі аурулар өршіп кете ме деген қауіп бар. Бұған дейін билік таяудағы өзеннің арнасынан асып-тасқаны жайлы хабарлаған. Сондықтан жұрттың үрейі ұшып отыр.

Хабар 24 телеарнасы