383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сауд Арабиясында түйелерге арналған фестиваль басталды

  • 588
  • UPD: 10:12, 24.01.2018
Сауд Арабиясында түйелерге арналған фестиваль басталды

Сауд Арабиясында түйелердің сұлулық байқауы басталды. Жергілікті жұрт арасында танымалдылыққа ие болған фестиваль жыл сайын өткізіледі.

Биыл сайысқа 26 мың түйе қатысқан. Көптің көңілінен шығып, жеңімпаз атанған өркешті жануардың иесі 100 миллион риял жүлде алады. Яғни бұл 26 миллион долларға тең. Сондықтан олар түйенің кескін келбетін тартымды ету үшін түрлі хирургиялық операция жасатып, қулыққа барады. Алайда тексеру кезінде мұндай құйтырқылық анықталса бірден сайыстан шеттетіледі. Сонымен қатар сайыс барысында түйе керуені мен балаларға арналаған көрмелер ұйымдастырылып, әлемдегі ең биік түйе көрсетіледі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараны тамашалауға жыл сайын шамамен 25-30 мың адам келеді. 

Фазан әл-Мади, әділ қазылар алқасының төрағасы:

- Түйелер Сауд Арабиясының корольдігі үшін ежелден келе жатқан қасиетті жануар. Ол мұнда тұрып келе жатқан байырғы халықтардың ішсе асы, кисе киімі, мінсе көлігі болған.

Хабар 24 телеарнасы