389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауғанстан астанасында жойқын жарылыс болды

  • 526
  • UPD: 21:38, 27.01.2018

Ауғанстан астанасы Кабулдағы дипломатиялық ауданда болған жойқын жарылыстан қаза тапқандардың саны артып, 95 адамға жетті.

Тағы 160-тан астам кісі жараланған. Шабуылды бір ғана лаңкес жүзеге асырған. Ол жарылғыш зат жасырылған жедел жәрдем көлігімен осы ауданға кіреберіс жердегі полиция бекетінің жанына барып, жарып жіберген. Ал Вазир-Акбар-Хан ауданында шетелдік елшіліктер мен ұйымдар орналасқан. Шабуылды «Талибан» радикалды қозғалысы мойнына алды.

Терактіден жапа шеккендердің арасында шет ел азаматтарының бар-жоғы әзірге белгісіз. Қазір қауіпсіздік күштері лаңкестікке қатысты 4 адамды тұтқындады.

Еске сала кетейік, өткен сенбі күні бір топ қарулы адам Кабулдағы «Интерконтиненталь» қонақүйіне шабуыл жасап, 43 адам қаза тапты. Бұл лаңкестікті де «Талибан» радикалды қозғалысы мойнына алды.

Тамим Ахмад, куәгер:

- Мен дүкенде отырғанмын. Бір кезде барлық терезе быт-шыт болып сынды. Бірақ мен не болғанын түсінбей қалдым.

Хабар 24 телеарнасы