378,62 431.00 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапония «абэномиканың» жемісін көрді

  • 662
  • UPD: 14:33, 16.02.2018

Жапония экономикасы даму үстінде. Өйткені өткен жылдың қазан мен желтоқсан аралығында мемлекеттің ішкі жалпы өнімі жарты пайызға өсіп, экономика қарқыны осымен 8-тоқсан бойы жақсы нәтиже көрсетіп отыр.

Импорт көлемі 2,9 пайызға артқан. Соңғы нәтижеге Рождество мейрамы алдындағы тұтынушылар белсенділігінің арқасында қол жеткен. Ал сарапшылар күн шығыс елінде мұндай тұрақты өсім өткен ғасырдың 80-жылдарынан бері байқалмаған дейді. Сөйтіп, премьер-министр Синдзо Абэнің экономикалық саясаты «абэномика» жемісін беріп, ел ондаған жылғы тоқыраудан кейін қайта даму жолына түскендей.

Тосимицу Мотэги, Жапонияның экономика министрі:

- Жекеменшік сектордағы өсімге байланысты ел экономикасы біртіндеп қалпына келеді деп ойлаймыз. Бірақ жаһандық экономика мен қаржы нарығындағы тұрақсыздықты да естен шығармау керек.

Хабар 24 телеарнасы