385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапонияда жанартау атқылады

  • 889
  • UPD: 14:39, 20.04.2018
Жапонияда жанартау атқылады

Жапонияда 250 жыл ұйқыда болған жанартау оянып, көкке газ бен тас атқылады.

Осы жағдайға байланысты жергілікті билік саяхатшыларға шыңға шығуға тыйым салды. Әзірге зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы ақпарат жарияланған жоқ. Мамандар жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындарын қауіпсіз жерге көшірді. Жанартау Кюсю аралының оңтүстігіндегі Йо тауында орналасқан. Ол соңғы рет 1768 жылы атқылаған. Айта кеткен жөн, Жапонияда 110 белсенді жанартау бар, оның 47-сін мамандар тәулік бойы бақылап отырады.

Хабар 24 телеарнасы