386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексикада хакерлер банктерге шабуыл жасады

  • 343
  • UPD: 17:25, 18.05.2018
Мексикада хакерлер банктерге шабуыл жасады

Мексикада киберқарақшылар Орталық және тағы бірнеше банкке шабуыл жасап, 16 миллион долларды қолды қылды.

Бұл туралы Орталық банк басшысы Алехандро Диас де Леон мәлімдеді. Оның айтуынша, хакерлер қаржы ұйымдарының төлем жүйесіне қосылып, жалған тапсырыстар жасаған. Қарақшылардың құйтырқы әрекеті тек жүздеген операция жүргізіліп, ондаған банктен ақша алынған соң ғана анықталған. Бірақ құзыретті орган тек Орталық банк, биржа және тағы үш банктің жапа шеккенін айтады.

Айта кетейік, 2016 жылы хакерлер Бангладештің орталық банкіне шабуыл жасап, 81 миллион долларды иеленіп кеткен.

Алехандро Диас де Лион, Мексика Орталық банкінің басшысы:

– Қазір қауіп сейілді деп айта алмаймыз. Қолда бар ақпараттың барлығы өзгеруі мүмкін. Кей төлемдер немесе құнды қағаздар қайта қалпына келтірілуі ықтимал. Төлем жүйелеріндегі миллиондаған операция тексеріледі.

Хабар 24 телеарнасы