377,29 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грекияда пісте жаңғағының өнімі 33 пайызға азайды

  • 692
  • UPD: 17:16, 27.08.2018
Грекияда пісте жаңғағының өнімі 33 пайызға азайды

Сәйкесінше енді оның да құны шарықтап кетуі мүмкін.

Мамандардың айтуынша, бұған көктемдегі мол жаңбыр себеп болған. Толассыз жауған нөсердің салдарынан топырақ ұзақ уақыт ылғал болып, бұл зиянкестердің шамадан тыс көбеюіне әкеп соқтырды. Салдарынан құрт-құмырсқалардан ағаштарға үлкен зақым тиген. Сондай-ақ елде маусым айынан бастап аптап ыстық орнап, пісте әдеттегіден бір ай ерте жиналған.

Атап айту керек, Грекия – әлем бойынша пісте жаңғағын ең көп өндіретін елдердің бірі.

Хабар 24 телеарнасы