382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемнің 23 елінде қазақстандық әдебиет орталығы ашылды

  • 1041
  • UPD: 16:10, 11.09.2018

Осылайша шетелде жүрген қандастарымыз отандық ақын-жазушылардың туындыларымен танысып, соңғы жаңалықтарды қазақ тіліндегі ақпарат көздерінен біле алады.

Бұл туралы бүгін III халықаралық оқу конгресі барысында мәлім болды. «Заманауи әлемдегі оқу мәдениеті» тақырыбындағы жиынға 50 елдің өкілдері қатысты. Олардың қатарында қоғам қайраткерлері, танымал ақын-жазушылар, ғалымдар мен Нобель сыйлығының лауреаттары бар. Жиынға қатысушылар кітап оқуды насихаттау, кітапханалық қызмет және ақпараттық ресурстарды дамыту жайын талқыға салды. Соңғы деректер бойынша Ұлттық Академиялық кітапхана қоры 1 жарым миллионнан асады. Олардың шамамен 100 мыңы электрондық нұсқаға көшірілген.

Хабар 24 телеарнасы