384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексика Орталық Америкадан барған мигранттарды кері қайтарды

  • 306
  • UPD: 08:30, 30.11.2018
Мексика Орталық Америкадан барған мигранттарды кері қайтарды

Мексика билігі Орталық Америкадан ағылып келген жүздеген мигрантты елдеріне қайтарды.

Бұған дейін келімсектер АҚШ шекарасына жақындап келіп, арғы бетке өтуге талпынған. Көбісі ресми түрде босқын дәрежесін алғысы келді. Діттеген мақсатына жете алмай, шекарада көп күтіп қалған мигранттардың шыдамы таусылды. Амалы құрыған олар жаппай наразылық білдіре бастады. Ақыры шекараға лап берді. Мексика жасақшылары тобырды бергі жақтан тоқтап қалуға тырысса, арғы жақтағы америкалық шекарашылар көз жасаурататын газды қолданып, өтуге мүмкіндік бермеді. Қазіргі таңда Мексиканың солтүстік шекарасында жеті мыңға жуық келімсек жиналған. Тағы жүз адам оларға қосылмақ ниетте.

Альфонсо Наваррете, Мексиканың ІІБ басшысы:

- Өкінішке қарай,  қайғылы жағдайлар орын алды. Бір ер азамат жолда трейлерден құлап, жарақаттанды. Тағы бірі көлік астында қалды. Алайда, тәртіпсіздік ұйымдастырғандар зардап шеккен жоқ. Орталық Америкадан келген 100-ге жуық адам елдеріне қайтарылды.

Хабар 24 телеарнасы