378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тереза Мэй лауазымын сақтап қалды

  • 357
  • UPD: 14:18, 17.01.2019
Тереза Мэй лауазымын сақтап қалды

Ұлыбритания парламентінің қауымдар палатасы Тереза Мэй үкіметіне сенім мәселесін дауысқа салып, премьер-министр жеңіп шықты.

Сайлауға қатысқан депутаттардың 325-і Мэйді қолдаса, 306-сы оған қарсы шықты. Сөйтіп, Мэй 19 дауыс айырмашылықпен өз қызметінде қалды. Енді Премьер-министр алдағы 3 күннің ішінде Қауымдар палатасына Еуроодақтан шығу жөнінде келісімнің жаңа нұсқасын ұсынуы тиіс. Егер ол да парламенттің қолдауына ие бола алмаса, елде кезектен тыс сайлау өтуі мүмкін.

Айта кетейік, Тереза Мэй үкіметіне сенімді дауысқа салуды Лейбористік партияның жетекшісі Джереми Корбин ұсынған болатын. Оған сейсенбі күні парламенттің, үкіметтің «брексит» жөніндегі келісім-шартты қабылдамай тастауы түрткі болды.

Хабар 24 телеарнасы