386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәскеуде қалың қар жауып, көлік қозғалысы тұралады

  • 562
  • UPD: 19:37, 27.01.2019
Мәскеуде қалың қар жауып, көлік қозғалысы тұралады Корреспондент.net

Ресей астанасына қалың қар жауып, көлік қозғалысы тұралады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауа райының күрт өзгеруінен Мәскеуде ұзын-сонар көлік кептелістері пайда болған. Әуежайларда да 100-ден астам ұшақ рейсі кейінге шегерілген. Жергілікті билік, қала көшелерін тазалайтын техника санын ұлғайтқан. Ал ауа райын болжау орталығы Мәскеуде қардың әлі бірнеше күн жауып, көктайғақ орнауы мүмкін екенін ескертіп жатыр. Мамандар сондай-ақ желдің ұйытқуы күшейтіп, бұрқасын тұратынын айтады.

Хабар 24 телеарнасы