384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда бірқатар мәселе оң шешімін тапты

  • 597
  • UPD: 14:07, 07.02.2019

Талдықорған тұрғындары жергілікті биліктен қала ішіндегі жолдарды жөндеп, жолаушы тасымалдайтын қоғамдық көліктердің санын арттыруды талап етті. Әсіресе коммуналдық кәсіпорындардың жұмысы көңіл көншітпейді. Мәселе қалай шешіліп жатыр?

Ардақ Айбарұлы, тілші:

- Талдықорғандықтардың қоғамдық көліктердің жұмысына көңілі толмай келгені рас. Тұрғындар бұл мәселені өткен жылы қала әкімінің халық алдындағы есеп беру кездесуінде де көтерді. Артынша Өтенай ауылы мен «Жастар-1» шағын ауданын және қала орталығын байланыстыратын жаңа бағыт ашылып, автобус қатынай бастады.

Жергілікті тұрғындардың өтінішіне сәйкес, екі автобустың бағыты Ынтымақ ықшам ауданына дейін ұзартылды. Талдықорғандағы  қоғамдық көліктер қазір 30 шақты бағыт бойынша жолаушы тасымалдайды. Дегенмен, қала халқының жергілікті атқарушы билік өкілдеріне айтар сын-ескертпелері әлі азаймай тұр.

Дінмұхамед Ерланұлы, оқушы:

- Біз 16-автобусқа сыймай, қалып қаламыз. Тоңып, далада тұрамыз. 16-автобус кейбір кезде аз жүріп қалады. Сол мәселені қала әкімінен шешуін сұраймын.

Сағынғали Майлыбай, қала тұрғыны:

- Кешке жақын ерте тоқтайды. Сағат жеті, жеті жарымнан кейін мына жер бос тұрады. Шамасы келсе, ең болмаса 9-ға дейін жүргізсе.

Тұрғындар алдында есеп берген Талдықорған қаласының әкімі Дастан Шалтабаев бұл мәселелерді түпкілікті шешу үшін муниципалды автобус паркін құру керектігін және бұл бағыттағы жұмыстардың қолға алына бастағанын да айтты.

Дастан Шалтабаев, Талдықорған қаласының әкімі:

- Бүгінгі таңда бізде Талдықорған қаласында 7 мекеме қызмет атқарады. Қоғамдық көліктердің халыққа қызмет көрсетуі бойынша 192 автобус бар 26 бағыт бойынша. Саяжайлардағы маршруттарды да ертелі-кеш мониторинг жасап, ертеңерте сағат 6-дан бастап қозғалыс, жүріс басталады, кешкі 10-ға дейін жүргізіліп, соны біз мониторинг жасап, қадағалап отырмыз.

Талдықорғанда оң өзгерістер де баршылық. Мәселен, қаланың бұрынғыдай емес, біршама тазарып қалғаны байқалады. Тағы бір айта кетерлігі – облыс орталығында тұрғын үйлер көптеп салынып, жаңа шағын аудандар бой көтерді. Ал жер телімін алып, өз қолымен жеке баспана тұрғызып алған азаматтар жолдың жағдайына сын айтуда.

Светлана Салкеева, «Үйтас» саяжай аумағының тұрғыны:

- Біздің жолымыз жаман қысқасы. Ремонт жоқ. Бізге ешкім қарамайды, соны біз айттық. Дача ол баяғы совет үкіметі кезіндегі. Енді жол тар, бірақ, оны ремонттауға болады ол жолды. 3 жыл ремонттаған жоқ.

Қала әкімінің айтуынша, биыл Ынтымақ, Көктал ықшам ауданы мен Өтенай ауылдарындағы 51 көше жөнделеді. Ал қала іргесіндегі елді мекендер мен бірқатар саяжай аумақтарына ұзындығы 21 шақырымдық ауыз су құбыры тартылады.

Айдар Өмірханов, «Үйтас» саяжай аумағының тұрғыны:

- Қала әкімінен сұрарымыз «Үйтас» саяжайына су жеткізіп берсе. Осы жерде бала-шағаға дейін су тасып, судың қиыншылығын көріп отыр. 3 мыңдай халық тұрады осы дачада. Бәрі осы бір колонкаға қарап тұр ғой негізі.

Дастан Шалтабаев, Талдықорған қаласының әкімі:

- Дачаның су құбырының жұмысын жүргіземіз. Оған қоса «Үйтастың» жобалық-сметалық құжаттамасы жасалынып бітті бүгінгі күнде. Соны біз қазір алдымыздағы бюджетті қорғау мәселесіне бюджетке ұсынып отырмыз құрылысын жасауға. 

Ардақ Айбарұлы, тілші:

- Облыс орталығын газдандыру жұмыстары биыл да жалғасады. Сол арқылы 54 мың абонент отын жарып, күл шығару тауқыметінен арылып, көгілдір отынның қызығын көре басатайды.

Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Олжас Байбосынов

Хабар 24 телеарнасы