379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Флорида штатында Boeing 737 Max ұшағы апатты жағдайда қонды

  • 134
  • UPD: 12:53, 27.03.2019
Флорида штатында Boeing 737 Max ұшағы апатты жағдайда қонды

АҚШ-тың Флорида штатында Boeing 737 Max ұшағы әуежайға апатты жағдайда қонды.

Southwest Airlines компаниясы әуе кемесінің экипажы төтенше жағдай жариялап, Орландо халықаралық әуежайына қонуға сұраныс жасады деп мәлімдейді. Бірақ абырой болғанда, ұшақ бортында жолаушылар болмаған. Әуе тасымалдаушы компания өкілдерінің хабарлауынша, Boeing 737 Max ұшағының қозғалтқышынан ақау анықталған. Қазір федералды авиациялық әкімшілік осы оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын бастады. Айта кетейік, Max сериялы ұшақтар азаматтық авиация тарихында ең көп шығарылған әуе кемелері болып саналады. Алайда қысқа мерзім ішінде екі су жаңа Boeing ұшағы апатқа ұшырады. Салдарынан 346 адам көз жұмған болатын.

Хабар 24 телеарнасы