389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пхеньяндағы марафонда мыңнан астам шетелдік атлет жүгірді

  • 416
  • UPD: 10:50, 08.04.2019

Солтүстік Кореяда 30-Пхеньян марафоны өтті. Мерейтойлық жарысқа мыңнан аса шетелдік жеңіл атлет қатысты.

Әлемге танымал марафон халықаралық жеңіл атлетика федерациясының «қола мәртебесін» алған. Сондықтан Cолтүстік Кореядағы желаяқтар сайысына шетелдік спортшылар тек 2014 жылдан бастап келе бастады. Әр қатысушы марафонда толық жүгіру үшін 150 доллар төлейді. Биыл спортшылар саны көп болған. 

«Номад» хоккейшілері Қазақстан чемпионатының финалдық сериясындағы үшінші кездесуде «Бейбарыстың» осал тұсын тапты. Елордалықтар Атыраудағы екі ойында жеңіліп қалған болатын. Бұл жолы қатарына «Барыс» ойыншыларын қосып алған айдын иелері қарымта қайтарды. 11-ші минутта Әлихан Әсетов есеп ашты. Сосын Артемий Лакиза нәтижені еселеді. Атырау хоккейшілері екінші кезеңде таразы басын теңестіріп, ойын овертаймға созылды. Кездесу тағдырын Ярослав Евдокимов шешті. «Номад» 3:2 есебімен жеңіске жетті. Жалпы есепте «Бейбарыс» алда келеді. Бүгін төртінші кездесу өтеді.  

«Сантьяго Бернабеу» стадионы жөндеуден өтеді

Мадридте атақты «Сантьяго Бернабеу» стадионын күрделі жөндеу жобасы таныстырылды. «Реал» командасының кешенін қайта құрастыру жұмыстары үш жарым жылға созылады. Клуб президенті Флорентино Перес пен Мадрид қаласының басшысы Мануэла Кармена жаңа жобаны көпшілік назарына ұсынды.  Перес «Сантьяго Бернабеу» қайта жөндеуден кейін испания астанасының негізгі нышанына айналады деді.

Флорентино Перес, «Реал» ФК президенті:

- Бұл «Реал» мен қаламыз үшін болашақтағы ұлы жобаның бірі. Құрылыс жұмыстары футбол маусымы аяқталған соң басталады. Бұл тарихи сәт көптің есінде қалады. Қайта жаңарған арена әлемдегі ең күшті стадион болады деп сенемін. Кешен заманауи, ыңғайлы әрі қауіпсіз болады. Ойын-сауық аумақтары тың технологиялармен жабдықталады.   

Стадион төбесінде ашылып жабылатын шатыр орнатылады. Кешен толықтай күміс жабындымен қапталып, 360 градус экран қойылады. Музей де қайта жөндеуден өтеді. Ал стадионның сыйымдылығы көп өзгермейді. Қазір «Сантьяго Бернабеу» 81 044 адамға арналған. Қайта жөндеу жұмыстарына 500 миллион еуро жұмсалады. 

Давид Вилья Жапония чемпионы атанудан үмітті

Испанияның атақты футболшысы Давид Вилья аяқ киімін шегеге ілуді ойлап жүрген жоқ. 38 жастағы шабуылшы төрт құрлықтың сегіз клубында доп тепті. Қазір Вилья Жапонияның «Висел Кобе» командасында ойнап жүр. Бұл клубта әлем чемпиондары Андреас Иньеста мен Лукас Подольски де бар. Давид Вилья «Валенсия», «Барселона», «Атлетико» сапында өнер көрсетті. Чемпиондар лигасында жеңімпаз атанды. Испания құрамасымен әлем және Еуропа біріншілігінде топ жарды. Шабуылшы енді Жапония чемпионатының алтынын алсам дейді. 

Давид Вилья,  «Висел Кобе» ФК шабуылшысы:

- Мен футболда өз ізімді қалдырдым деп ойлап жүрген жоқпын. Себебі менің жасыл алаңдағы тарихым әлі жазылып жатыр. Егер сіз бұрынғы командаластарымнан мен туралы сұрасаңыз, олар «Давид Вилья клуб үшін адал еңбек ететін жігіт» деп жауап береді. Мен әрқашанда ойнап жүрген командамның жанкүйерлері мен мәдениетіне құрметпен қарадым. Мен үшін ең бастысы осы. Осы көзқарасыммен өзгелерге үлгі көрсетемін. Жетістікке жету жолы қиын. Күн сайын тер төгіп, жаттығудан жалықпау керек. Хихонның «Спортинг» клубы болсын, «Висел Кобе» немесе «Барселонада» ойнайсың ба, ол маңызды емес. Футболшы өз ісіне адал болғаны дұрыс.

Жақында Жапон клубы «Барселонаның» бұрынғы ойыншысы Серджи Самперді қатарына қосты. «Кобе Висел» күншығыс елінің чемпионатында ең қымбат команда саналады. Соған қарамастан клуб біріншілікте топ бастаған «Нагое Грампустан» 2 ұпайға қалып, төртінші орында келеді.

Хабар 24 телеарнасы