378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шри-Ланкада шіркеу мен қонақүйлерде болған жарылыстан 160 адам қаза тапты

  • 193
  • UPD: 13:19, 21.04.2019
Шри-Ланкада шіркеу мен қонақүйлерде болған жарылыстан 160 адам қаза тапты Minval.az

Шри-Ланкада бірнеше шіркеу мен қонақ үйде жарылыс болып, 160 адам қаза тапты.

Тағы 360 тұрғын жарақат алды. Лаңкестер ел астанасы Коломбо қаласындағы 1 католик шіркеуі мен 3 қонақүйді және Негомбо шаһарындағы 2 шіркеуді нысанаға алған. Жалпы 6 жарылыс болды. Әзірге терактіні кімдер ұйымдастырғаны белгісіз. Дәрігерлер жергілікті ауруханаларға жараланғандар әлі жеткізіліп жатқанын айтады. Теракт жасалған аудандар қоршалып, лаңкестер іздестіріліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы