378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бірнеше лаңкестік болған Шри-Ланкада мектептер келесі аптада ашылады

  • 137
Бірнеше лаңкестік болған Шри-Ланкада мектептер келесі аптада ашылады ТСН

Ірі лаңкестікті бастан кешкен Шри-Ланкадағы мектептер келесі аптада ашылады және олардың қауіпсіздігі күшейтіледі.

Бұл туралы осы елдің Білім министрі Акила Вирадж Кариявасам мәлімдеді. Оның айтуынша, шешім қауіпсіздік қызметтерімен кеңестен кейін қабылданған. Бірақ түрлі қауіпке байланысты католиктік оқу орындарының ашылуы кейінге шегерілген. Еске сала кетейік, 2 апта бұрын Шри-Ланкада бірнеше шіркеу мен қонақүйде жарылыс болып, 250-ден астам адам қаза тапты. Шабуылды «Ирак және Левант лаңкестік ұйымы» өз мойнына алды. Билік лаңкестік шетелде дайындалған деген пікірде.

Хабар 24 телеарнасы