380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилиядағы қалаға су бөгетінің жарылу қаупі төніп тұр

  • 143
  • UPD: 15:40, 26.05.2019

Бразилияда Барао-де-Кокайс қаласына су бөгетінен қауіп төнді.

Дабылды осы нысанның иесі «Вали» тау-кен компаниясы қағып жатыр. Себебі, бірлестік өзіне қарасты Гонго-Соко су бөгеті жарылса шаһар жермен жексен болатынын айтады. Қазір апат аймағынан жүздеген тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген. Бірақ оның жолында әлі 30 мың тұрғын бар. Осыған байланысты жергілікті билік адамдарды шұғыл көшіру оқу-жаттығуын өткізді. Себебі аймақта жауын нөсерлетсе, бөгет жарылуы мүмкін.

Еске сала кетейік, биыл қаңтар айында Минас-Жерайс штатында осы Вали компаниясына тиесілі бір су бөгеті жарылып, 270 тұрғын опат болған.

Хабар 24 телеарнасы