389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израильде көгалдандыру жұмыстары қалай жүргізілді?

  • 252
  • UPD: 15:13, 03.06.2019

Израильде қалаларды көгалдандыру және көркейту жұмыстарымен муниципалитеттер айналысады, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Ал бұған кететін қаражатты қала тұрғындарынан жинайды. Алдына ала ойластырылған жүйенің арқасында аймақ жайқалған тал терекке толы.

Израиль шөлді жерде орналасқанына қарамастан, онда көгалдандыру ісі жүйеге қойылған. Айнала толы гүлзарлар мен саябақтар, тіпті серуендеуге арналған жасыл желекті орындар да жеткілікті. Елде кез келген құрылыс жұмыстары міндетті түрде ағаш отырғызумен аяқталады. Көгалдандырумен муниципалитеттегі арнайы бөлімдер мен ландшафтық дизайнға жауапты сәулетшілер айналысады. 

Шимон Канецельсон, Ашдод қала мәрінің орынбасары:

- Қалада құрылыс басталмас бұрын жоба көгалдандыру архитектурасымен мақұлдануы керек. Яғни әрбір гүлзар мен ағаштың қайда отырғызылатыны алдын ала белгіленеді. 

Бұл – Ашдод қаласының ең үлкен саябақтарының бірі. Оны көркейту үшін мэрия 30 млн еуро жұмсады. Көгалдандырмас бұрын бұл жердің барлығы құмды болған. Отырғызылған әрбір ағаш түбі арнай жүйемен суарылады.

Шимон Каценельсон, Ашдод қала мәрінің орынбасары:

- Ағашты қажетті мөлшерде ылғалдандырып отыру үшін әрбір түптің жанында суландыру жүйесі орнатылған.

Әр саябақты қадағалап отыратын басшы бар. Өлген ағаштардың орнына міндетті түрде басқасы отырғызылады.  Балалар ойнайтын алаң да жіті бақылауда. Ал бұл жұмыстарға кететін шығын жергілікті тұрғындардың төлейтін «арнона», яғни муниципалитет салығынан жұмсалады.

Авторы: Сергей Ауслендер

Хабар 24 телеарнасы