384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕО елдері Еурокомиссияның жаңа басшысын тағайындай алмады

  • 171
  • UPD: 15:23, 22.06.2019
ЕО елдері Еурокомиссияның жаңа басшысын тағайындай алмады

Брюссельде өтіп жатқан Еуроодақ саммитінде мемлекет басшылары Еурокомиссияның жаңа басшысын тағайындай алмады.

Олар 12 сағат бойы ақылдасып, ақыры ортақ мәмілеге келмеді. Енді келесі жиын 30-маусымға жоспарланған. Еуроодақ көшбасшыларының өкілеттігі 31 қазанда аяқталады. Ал жаңа сайланған еуродепутаттар 2-ші шілдеде Страсбургте алғашқы сессияға қатысады.

Дональд Туск, еурокеңес төрағасы:

- Ешбір үміткер басым дауысқа ие болған жоқ. Сондықтан нақты кімнің болатынын айту әлі ерте. Біз 30 маусымда өтетін Саммитте қайтадан бас қосамыз. Сол кезде мен Еуропарламентпен бірге кеңес беремін.

Жан-Клод юнкер, Еурокомиссия президенті:

- Менің орнымды басу оңай шаруа емес екенін қуанышпен айтқым келеді. 30 маусым күні де келісімге келу оңайға соқпайды. Дейтұрғанмен, ортақ мәмілеге келу қажет.

Хабар 24 телеарнасы