386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Канадада шағын ұшақ өзенге құлады

  • 138
  • UPD: 08:33, 22.07.2019
Канадада шағын ұшақ өзенге құлады

Канадалық Альберт провинциясы аумағында болған ұшақ апатынан бір адам қаза тапты, деп хабарлады CBC телеарнасы.

Оқиға ұшақ Джаспер қаласынан әуеге көтерілген сәтте болған. Ұшақ сол маңдағы Атабаска өзеніне құлады. Альберт қалалық Денсаулық сақтау министрінің деректеріне қарағанда борттағы екі адамның бірі қаза тапқан. Екіншісі ауруханада ауыр жағдайда жатыр. Оқыс оқиғаға байланысты өзен бойындағы жолда көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Оқиғаға байланысты тексеру жұмыстары басталды.

Хабар 24 телеарнасы