386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Красноярск өлкесінде қару-жарақ қоймасындағы өрттен жараланғандар саны артты

  • 124
  • UPD: 11:09, 06.08.2019
Красноярск өлкесінде қару-жарақ қоймасындағы өрттен жараланғандар саны артты

Краснояр өлкесінің Ачинск қаласындағы қару-жарақ қоймасы жарылысынан жарақат алғандар саны 12 адамға жетті.

Олардың төртеуі әскерилер. Оқыс оқиғаға байланысты жергілікті билік осы төңіректегі 20 шақырымға дейінгі аумақтан халықты көшіріп жатыр. Осы уақытқа дейін 6 мыңнан аса адам эвакуацияланған.

Айта кетсек, 25 мыңға жуық артиллериялық оқдәрі сақталған қоймада жойқын жарылыс болып, арты өртке ұласты. Өрт сөндірушілер қызыл жалынмен әлі де күресіп жатыр. Ол үшін 150-ден астам адам мен 51 техника жұмылдырылған.

Хабар 24 телеарнасы